Аймақтар • 23 Мамыр, 2017

Алматы тауларында адасқан альпинистер табылды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы маңындағы Бутаков шатқалында Анатолий Букреев шыңын (3010 м) бағындыруға шыққан 11 альпинист адасып қалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы тауларында адасқан альпинистер табылды

Құтқарушылар «Пионер» туристік базасына жедел жетіп, сол жерден Қотырбұлақ тауы (3030 м) ауданынан бағыт алды. 20 минуттан кейін құтқарушылар жолдан адасқан 11 альпинисті тапты. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет болған жоқ.

Саяхатшылар тобынан Франция азаматшасы бөлініп қалғаны анықталды. Ол бағыт бойынша жүруден бас тартып, Медеу ауданындағы Бутаков шатқалында түнеуге қалып қойған. Құтқарушылар екі топқа бөлінді, бірі – альпинистердің негізгі құрамын қалаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне табыстауға жұмылдырылса, екінші топтағы төрт адам саяхатшылар қатарынан қалып қойған Франция азаматшасын іздеуге Бутаков шатқалына шықты. 40 минуттан кейін Мари Серверді тауып алған жедел топ оны тұрғылықты жеріне жеткізді.

Құтқарушылар Алматы тұрғындары және саяхатшыларынан тау ішінде жалғыз жүрмеуін, алдын ала белгіленген бағыттан ауытқымай, картадағы бағытты қатаң қадағалауға шақырды.