«Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста. Қазақстан азаматтарына сақ болу жөнінде ескертулер таратылған. Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісі іске қосулы: +44(0)7447470570 (WhatsApp). Манчестердегі жақындарыңыз, туыстарыңыз немесе достарыңызбен байланысып, олардың есен-сау екендігіне көз жеткізулеріңізді сұраймыз», деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.
ҚР СІМ мәлімдегендей, жарылыс болған алаңда қазақстандық алты студент болған.
«Біздің дипломаттарымыз солардың екеуімен байланыс жасап, аман-сау екендігіне көз жеткізді. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет емес және достарымен бірге тұратын жерлеріне аман-есен жеткен», дейді Әнуар Жайнақов.