Балалар би билеп, аспанға шар лақтырып, тасжолға сурет салды. Сондай-ақ қатарласып тұрып, Қазақстан полициясының 25 жылдығын білдіретін «25» цифрын жасап көрсетті. Қостанай қалалық жергілікті полициясы, білім бөлімі, «Өрлеу» волонтерлары, «ГРиН» азаматтық альянсы бірлесіп ұйымдастырған флэшмоб балалардың жол-көлік қауіпсіздігіне көпшіліктің көңілін аударуды мақсат етіп қойды.
«Балалар демалысқа шығатын жаз маусымында жол-көлік қауіпсіздігінің маңызы бұрынғыдан да арта түседі. Кішкентайлар жол ережесін ойын және басқа да қызықты шаралар арқылы тез қабылдайды. Сондықтан «Балалардың жол қауіпсіздігі» айлығы аясында барлық шараларды өздерінің қатысуымен қызықты етіп өткізуді ойластырдық», – дейді Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полициясының аға инспекторы, полиция майоры Елена Магасумова.
Биыл жыл басынан бері Қостанайда 50 жол-көлік оқиғасы тікелген, солардың бесеуінде балалар зардап шеккен.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ
Қостанайда «Балалардың жол қауіпсіздігі» акциясы шеңберінде флэшмобтар сериясы өтті.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше