Аймақтар • 23 Мамыр, 2017

Ақтау полицейлері көлемді флешмоб өткізді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау полицейлерді Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап флешмоб өткізді.

Ақтау полицейлері көлемді флешмоб өткізді

Шараға тек тәртіп сақшылары ғана емес, суда құтқарушылар мен балалар мен студент жастар қатысты. Каспий теңізін басты сахна етіп алған тәртіп сақшылары суда құтқарушылардың көмегімен теңізде полиция белгісі салынған алып баннерді көтерді. Жағалауда парус жасөспірімдер мектебінің оқушылары парустарымен «25» санын бейнеледі. Шара теңіздегі яхтада жалғасып, тәртіп сақшылары патриоттық тақырыпта ән шырқап, көкке 50 көгершін ұшырды. Дәл осы уақытта ақтаулық студенттер теңіз жағасында Жердің символикалық кескінін жасады. Жер «ішінде» жергілікті ЖОО әскери кафедра студенттері «25 жыл» деп жазып көрсетті. Әсерлі өткен шараға 350 адам қатысты. 
«Бұл ауқымды шарада біз тәртіп сақшыларының тек жан-жақтылығын ашып көрсеткіміз келді. Олардың тек қоғам тәртібі мен адам құқықтарын сақтап қана қоймай, ән айтып, билеп, бейбіт елдің тыныштығына ән-жырмен де үлес қоса алатынын дәлелдедік», – дейді Маңғыстау облыстық ІІД инспекторы Т.Әзизаев. 
Гүлайым Шынтемірқызы, 
«Егемен Қазақстан». 
АҚТАУ