Үкімет • 23 Мамыр, 2017

Үш жыл ішінде ауылдар жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қазақстан ауылдарын жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске қосады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz

Үш жыл ішінде ауылдар жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылады

«Қала мен ауыл арасында цифрлық алшақтық бар. Қалада жылдам Интернет арқылы сапалы мемлекеттік қызмет көрсетіледі, ал ауылды елді мекендер бұл жағынан кейін қалып келеді», – деп атап өтті министр. 
Үш жылдық жоба аясында 4 миллионға жуық халқы бар шамамен 1900 елді мекенді сапалы, жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Ауыл тұрғындары «Электронды үкіметтің» барлық қызметтерін ала алады, ал дайын құжаттарды жеткізу «Қазпошта» арқылы қамтамасыз етіледі.