Парламент • 23 Мамыр, 2017

Сенаторлар Астанадағы қалдық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өңір» депутаттық тобының құрамындағы сенаторлар Астанадағы тұрмыс қалдықтарын сұрыптау және өңдеу кәсіпорнында болды, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенаторлар Астанадағы қалдық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Парламентшілер қалдықтарды испандық, италиялық, аустриялық және фин өндірісінің жабдықтарымен сұрыптайтын және пластиктерді өңдейтін «KazRecycleService» ЖШС қалдық сұрыптау зауытының жұмысымен танысты. Құны 36 млн евро тұратын жоба жылына 250 мың тонна қатты тұрмыс қалдықтарын өңдеуге есептелген. Депутаттар сондай-ақ «Астана Эко-Полигон НС» кәсіпорнында болды. Қазіргі кезде 5-7 жылда 2 млн тонна қалдық қабылдауға есептелген бұл кешеннің екінші кезегіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 
Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында сенаторлар Мұратбай Жолдасбаев пен Бекмырза Еламанов біздің еліміздегі «жасыл экономика» қағидаларын енгізу туралы айта келіп, Сенат депутаттары тұрмыстық қатты қалдықтарды жою саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге жәрдемдесетінін айтты. 
Сенаторлар бұл мәселені Сенатта 31 мамырға жоспарланған Астана қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мәселелері мен келешегі тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында жан-жақты қарайтын болады.