Үкімет • 23 Мамыр, 2017

Үкімет басшысы БАӘ Cыртқы істер министрімен кездесті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Cыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz

Үкімет басшысы БАӘ Cыртқы істер министрімен кездесті

Кездесу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың биыл 15-16 қаңтарда БАӘ-ге ресми сапары барысында қол жеткізілген бірлескен жобалар мен екіжақты уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. 
Бұдан өзге, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, сонымен қатар ғарыштық және энергетикалық ынтымақтастықты дамыту келешегі жөніндегі мәселелер қаралды.