Қазақстан • 24 Мамыр, 2017

Қалдық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өңір» депутаттық тобының құрамындағы сенаторлар Ас­танадағы тұрмыс қалдықтарын сұрыптау және өңдеу кә­сіп­орнында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қалдық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Парламентшілер қал­дық­тарды испандық, ита­лия­лық, авс­трия­лық және фин өндірісінің жаб­дықтарымен сұрыптайтын жә­не плас­тиктерді өңдейтін «Kaz­­RecycleService» ЖШС қал­дық сұрыптау зауытының жұ­мы­сымен танысты. Құны 36 мил­лион еуро тұратын жоба жы­лы­на 250 мың тонна қатты тұр­мыс қалдықтарын өңдеуге есеп­телген. Депутаттар сондай-ақ, «Астана Эко-Полигон НС» кәсіп­орнында да болды. Қазіргі кезде 5-7 жылда 2 миллион тонна қал­дық қабылдауға есептелген бұл кешеннің екінші кезегіндегі құ­рылыс-монтаж жұмыстары аяқ­талды.

Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұх­батында сенаторлар Мұ­рат­­бай Жолдасбаев пен Бек­мыр­за Еламанов біздің еліміз­дегі «жа­сыл экономика» қағи­да­ла­рын енгізу туралы айта келіп, Се­нат депутаттары тұрмыс­тық қат­ты қалдықтарды жою са­­ласын заңна­малық тұрғыда қамтамасыз етуге жәрдемде­сетінін айтты.

Сенаторлар бұл мәселені Се­натта 31 мамырға жос­пар­лан­­ған Астана қаласындағы тұр­­мыс­тық қатты қалдықтарды жою мә­селелері мен келешегі та­қы­­рыбына арналған дөңгелек үс­тел отырысында жан-жақты қа­райтын болады.