Қазақстан • 24 Мамыр, 2017

Ел рейтингінде ілгерілеу бар

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Инвестициялар және даму министрлігінің медиа-орталығында өткен баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің технологиялық және инновациялық дамуға қатысты индикаторларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы есебі таныстырылды.

Ел рейтингінде ілгерілеу бар

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі аясындағы инновацияны дамыту деңгейін анықтайтын негізгі индикаторлар технологиялық дайындық және инновациялық әлеует болып табылады. Аталған индикаторлар соңғы жылдары оң динамика көрсетіп отыр. «Технологиялық дайындық» индикаторы 5-тар­мақ­қа – 61-орыннан 56-орынға және «Инновациялық әлеует» 13-тар­маққа – 72-орыннан 59-орын­ға жақсарды. Аталған инди­каторлардың жақсаруы жүргі­зілген үдемелі индустриялық сая­сатпен байланысты, оның ая­сында жаңа жобалармен бірге жаңа технологиялар келеді», деді ведомствоның Технологиялық жә­не инновациялық даму депар­таменті директорының орынбасары Несіпгүл Есембаева.

Бүкіләлемдік интеллектуалды меншік ұйымымен бірлесіп «INSEAD» француз бизнес-мектебі, Корнель университеті әзір­­леген Инновацияның жаһан­дық индексі рейтингінде де Қа­зақ­стан өз орнын жақсартқан. Н.Есембаеваның айтуынша, ҮИИДМБ басталғанға дейін ин­но­­вациялық белсенділік 4 пайыз болса, 2016 жылы екі есе­ден ар­тық өсіп, қазіргі уақыт­та 9,3 пайыз­ды құрап отыр. «Инно­вациялық қаржыландыру жыл сайын артып келеді. 2015 жылмен салыстырғанда технологиялық инновацияларға бөлінген қар­жы екі еседен асты. Бұл инно­ва­ция­лық өнім көлемінің өсуіне оң әсер етіп отыр. 2015 жылы инно­ва­циялық өнімдер көлемі 377 млрд теңгені құраса, 2016 жылы атал­ған көрсеткіш 20 пайызға өсіп, 445,8 млрд теңгеге жетті», деді департамент өкілі.

Соңғы жаңалықтар