Қазақстан • 24 Мамыр, 2017

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі әнші Лара Фабиан мен америкалық актриса Ева Лонгория Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтады.

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)

Қытайда өткен I am a singer халықаралық ән байқауындағы жетістігімен әлемге танылған отандасымыз бүгін 23 жасқа толып отыр. Осыған орай әлемдік деңгейдегі танымал жұлдыздар – Лара Фабиан мен Ева Лонгория әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы оған жылы лебіздерін жолдады. Ал әйгілі әнші Лара Фабиан Димашқа арнап «Happy birthday to you» әнін орындап берді.