Көпшіліктің көңілін толқытқан әсерлі кештің бірінші бөлімінде И.С.Бах пен Ф.Бузонидің шығармалары орындалса, екінші жартысы Ф.Шопеннің балладаларымен ашылды.
«Өте нәзік Шопен нақыштары тыңдаушыларын сілтідей тындырып, айналада мүлгіген тыныштық орнайды. Жансарайыңды тек қана текті музыка тербейді. Оның туындыларын ойнағанда саусақтарың жеңіл самғап, клавиштарды тебіреністі терең сезімдермен басуың керек», дейді сахнаны киелі санайтын саңлақ.
Дүние жүзінің небір дүлдүл театрларында өнер көрсеткен танымал тұлғаның шығармашылық шеруі енді еліміздің Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Шымкент, Талдықорған сияқты облыс орталықтарында, сондай-ақ Еуропаның Женева, Брюссель, Люксембург қалаларында жалғасын таппақ көрінеді.
Бүгінде ол ректор ретінде Ұлттық консерватория ұжымын Астанада ашылатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындау үстінде.
Талғат ТӨРЕ
АЛМАТЫ