Бұған дейін Bus Lane жолақтары 11 аумаққа енгізілген болатын (ұзындығы – 38,4 шақырым). Осылайша, олардың жалпы саны 24-ке жетті, ал учаскелердің ұзындығы - 79 шақырым.
Қала әкімдігінде өткен брифингте енгізілетін қосымша Bus Lane жолақтар қоғамдық көліктер үшін ғана емес, жедел-жәрдемнің, өрт сөндіру, полиция қызметі және ресми такси қызметінің орташа жылдамдық мөлшерін өсіруге мүмкіндік беретіні айтылды.