Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін базардағы бағадан 15-20% төмен алуға мүмкіндік бар.
Жәрмеңкеге 254 тонна өнім жеткізіледі: 47 тонна ет және ет өнімдері, 132 тонна көкөніс, 6 тонна сүт өнімдері, 2 тонна шұбат, 13 тонна балық, 3 тонна – бал, 4 тонна – сұйық май, 5тонна – макарон өнімдері, 25 тонна – картоп, 4 тонна сүрленген түрлі өнімдер және 5000 жұмыртқа. Сондай-ақ, тағы 14 тонна басқа да қажетті өнімдер сөрелерге қойылмақ.
Жәрмеңке «Қазақстан» СК және «Алай» көлік-логистикалық орталығының аумағында өтеді. Облыстардан келетін шығармашылық ұжым келушілерді концерттік бағдарламалармен қуантып, көтеріңкі көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.