Аймақтар • 24 Мамыр, 2017

Талғар ауданында лай көшкіні болды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талғар ауданында кеше түнде нөсер жауын жауып, салдарынан 5 елді мекендегі 20 ауланы су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талғар ауданында лай көшкіні болды

Алматы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаевтың айтуынша, түнгі 1 сағат шамасында Талғар өзені бассейнінде лай көшкен.

«Қазір саз-балшық көлемі анықталып жатыр. Оқиға болған жерден 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдай салдарынан ирригациялық каналдың аузы бітеліп, саябақ тұрғындарының үйлерін су алды», деді А.Жұртбаев.

«Қазселденқорғау» ММ хабарлауынша, «Бесағаш-Бесқайнар» автожолының 5-6 шақырымында сел жүріп, саз-балшық массасы жолды жартылай жауып қалған. Жапа шеккендер жоқ. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.

Ал 04:20 шамасында Қотырбұлақ өзені бассейнінде 18 жерде лай көшіп, жолды жауып қалды. Аталған аумақта 45 мм шамасында жауын жауған. Қазір аудан билігі аталған аумақта көліктердің жүруіне тыйым салды.

Облыстық ТЖД мамандары тарапынан комиссия құрылып, төтенше жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр.