08 Желтоқсан, 2016

Жамбылда басқарма басшысы тағайындалды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-12-16-baskarma

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тілеухан Әбілдаев 1962 жылы 6 қарашада Жамбыл облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор. Еңбек жолын 1983 жылы Алматы қалалық №2 клиникалық аурухананың медицина қызметкері болып бастаған. 1985-1986 жылдары – Жамбыл қаласында ОМК хирург-интерні. 1986-1996 жылдары – Талас ОАБ хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігері. 1996-1999 жылдары – Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 1999-2005 жылдары – Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. 2005-2010 жылдары – Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері. 2010 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтерді төлеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры. 2010 жылдан бастап «Туберкулез мәселелері ұлттық орталығының» директоры болған.