08 Желтоқсан, 2016

Депозитке теңгемен салушылар көбейіп келе жатыр

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандағы депозит нарығында теңгенің үлесі артып келе жатыр, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі. «Өтіп бара жатқан жылы біз депозиттер құрылымының жақсаруын байқап отырмыз», - деді 2016 жылғы қызметтің алдын ала қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев. «Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі әлі де жоғары болуына қарамастан, төмендеу үрдісі айқын», – деп атап өтті Д. Ақышев. ҚР ҰБ деректері бойынша шетел валютасындағы депозиттер жыл басынан бастап 10%-ға төмендеді, ал теңгемен депозиттер 60%-ға өсті. «Нәтижесінде депозиттерді долларландыру деңгейі 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғарғы 70% деңгейден 2016 жылғы қазанда 55,7%-ға дейін төмендеді», – деп атап өтті Ұлттық Банк Төрағасы.