08 Желтоқсан, 2016

Сарапшылар 2017 жылдың басты қатерлерін атады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2017 жылы әлемдегі ең үлкен қатер ретінде Еуропадағы сайлау, Дональд Трамптың сыртқы саясаты мен "жаһандық киберсоғыс" аталды. Бұл туралы әлемдегі ең беделді 146 сарапшы мен экономистер арасында жүргізілген сауалнама  барысында белгілі болды, деп хабарлайды РБК. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (85 пайызға жуығы) Еуропадағы келер жылға белгілінген сайлаулардың (Германиядағы парламенттік сайлау мен Франциядағы президенттік сайлау) әлем экономикасына әсер ететінін айтқан. Ал Дональд Трамптың сыртқы саясатының қалай өрбитіні сарапшылар үшін маңыздылығы жағынан екінші орында екен. Үшінші қатер ретінде респонденттер Ресей президентінің сыртқы саясаты, Британияның Еуроодақтан шығуы мен "жаһандық киберсоғысты" атайды. Сонымен қатар Қытайдағы биліктің өзгеруі де көпшілікті алаңдататын көрінеді.