08 Желтоқсан, 2016

Ертең Сенаттың кезекті отырысы өтеді

111 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2016 жылдың 9 желтоқсанында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаттың кезекті отырысы болады.

Отырыста мынадай мәселелер қаралады:

1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

3. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

6. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым);

7. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).