08 Желтоқсан, 2016

Мұнай бағасы тағы түсіп кетті

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Лондон ICE қор биржасындағы сауда барысында Brent маркалы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстері барреліне 1,736%-ға арзандап, 53,01  долларға дейін төмендеді, деп жазады «КоммерсантЪ». Ал американдық WTI маркасының құны барреліне 2,064%-ға түсіп, 49,90  долларға құлдырады. Өткен аптада мұнайдың еуропалық сұрыптарына деген баға бірнеше айдан бері алғаш рет көтеріліп, барреліне 50 доллардан асқан болатын.