08 Желтоқсан, 2016

Елімізде 610 мың га суармалы жер айналымға түседі

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-12-16-jer

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 610 мың гектар суармалы жерді айналымға түсіру мен жер қатынастарын жетілдіруге арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев пен «Қазсушар» РМК директорының орынбасары Эрик Якубаев қатысты. «Алдағы 5 жылда 610 мың гектар аумақтағы тұрақты суғарылатын жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы облысында – 127 мың, ОҚО – 99 мың, ШҚО – 92 мың, Жамбыл облысы – 86 мың, БҚО – 40 мың, Павлодар облысы – 30 мың, Ақтөбе облысы – 29 мың, Қызылорда облысы – 29 мың, Қарағанды облысы – 28 мың, СҚО – 28 мың және Атырау облысы – 22 мың гектар», – деді Ислам Әбішев. Сонымен бірге, оның айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында 368 мың гектар аумақтағы көлдетіп суару жерін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 163 мың, Шығыс Қазақстанда 56 мың, Ақмола облысында 44 мың, Ақтөбе облысы – 41мың, Атырау облысы – 36 мың, Павлодар облысы – 24 мың және Қарағанды облысы – 4 мың гектар. Бұдан басқа, ескірген коллекторлық-дренаждық желілерді қалпына келтіру жоспарлануда. Оның жалпы ұзындығы 13,2 мың шақырым, вертикальды-дренажды саңылау 955 дана болады. Дастан КЕНЖАЛИН