10 Желтоқсан, 2016

Қазақстан мұнай өндірісін қарашадағы көрсеткіштен түсірмейді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Венада өтіп жатқан ОПЕК елдері мен оған кірмейтін мемлекеттердің жиынында мұнай өндірісін қарашадағы көрсеткіштен түсірмейтінін айтты, деп хабарлайды abctv.kz порталы.  “Біз қараша айындағы өндіріс көлемінің деңгейін ұстап тұра аламыз”, – деді елдің энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Қазақстан қарашада мұнай өндірісі бойынша рекордтық көлемге қол жеткізген еді. Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстан осы мәселе туралы өзге де елдердің ұстанымын естігісі келеді. Айта кетейік, бүгін мұнай экспорттаушы мемлекеттер Венеда бас қосып, тәулігіне мұнай өндірісін 1.8 млн баррельге азайтуға келісті. Соның ішінде ОПЕК-ке кірмейтін елдер келер жылдан бастап қазіргі көрсеткіштен 600 млн баррель кем өндіруі тиіс.