10 Желтоқсан, 2016

«Қазақстан аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды

838 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
era_6468 Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан аруы -2016» дәстүрлі сұлулық байқауының жеңімпаздары анықталды. Сұлулық байқауы биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасына еліміздің әр өңірінің сұлулары арасынан іріктеліп, 25 үміткер шықты. Олар дәстүрлі ұлттық киімдер мен сәнді кешкі көйлектерде көрініп, сайыс соңында қазылар алқасы тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді. era_6006 Сайыс барысында алдымен 25 үміткерден 15-і таңдап алынса, ақтық бәсекеде 15 арудың сегізі бақтарын сынады. Ал «Қазақстан аруы-2016»  жеңімпазын негізінен отандастарымыздың өзі таңдады. Отандастарымыз смс хабарламалары арқылы өздеріне ұнаған аруларға дауыс берді. era_6524 Сонымен,  өскемендік  Анастасия Усольцева үшінші вице-мисс, көкшетаулық Жанар Найманбаева екінші вице-мисс, ал бірінші вице-мисс астаналық Елназ Нұрсейітоваға бұйырды. Еліміздің ең сұл аруы, яғни, «Мисс Қазақстан 2016» атағын Қызылорда қаласы атынан қатысқан Гүлбану Әзімханова жеңіп алды. Ол бес миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды, әрі еліміз атынан «Әлем аруы 2017» халықаралық сұлулық байқауына жолдама алды. Айгүл СЕЙІЛОВА «Егемен Қазақстан» Фото: Ерлан ОМАРОВ