11 Желтоқсан, 2016

ОПЕК Қазақстанды мұнай өндірісін азайтуға міндеттеді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына кірмейтін мемлекеттер сенбі күні мұнай өндірісін тәулігіне 562 мың баррельге азайтуға келісті, деп хабарлайды investing сайты.  Венада өтіп жатқан саммит барысында мұнай экспорттаушы елдер өндірісті нақты қанша баррельге азайту керектігі туралы ұзақ пікір таластырды. Саммит басталмас бұрын ОПЕК ұйымы өкілдері ұйымға кірмейтін мемлекеттердің тәулігіне мұнай өндірісін 600 мың баррельге азайтуға міндеттелетінін айтқан еді. Ал ұйымның өзі 1.2 млн баррель азайтатын болып шешкен. Осы орайда, ұйымға кірмейтін мемлекеттердің мойнына жүктелген 562 мың баррельдің тең жартысы Ресейге тиесілі болмақ. Ал өндіріс жағынан екінші орындағы Мексика шамамен 100 мың баррельге дейін азайтады. Ал Қазақстан, энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қарашадағы көрсеткіштен 20 мың баррельге азайтуға міндеттелді. Сәл ертерек Қанат Бозымбаевтың өзі мұнай өндірісін қарашадағы көрсеткіштен түсірмейтінін мәлімдеген еді.