11 Желтоқсан, 2016

ОПЕК комитетіне кіретін бес мемлекет анықталды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту міндеттемесінің орындалуын бақылайтын комитеттің бес мүшесі анықталды. Оған ОПЕК ұйымы атынан Алжир, Венесуэла мен Кувейт кірсе, ұйымға мүше емес мемлекеттер атынан Ресей мен Оман кірді, деп хабарлайды abctv.kz.  «ОПЕК өзінің 171-ші кездесуінде ұйымға мүше мемлекеттердің өндірісі көлемін бақылап отыратын комитет құрды. Құзіретті орган ұйымға кірмейтін мемлекеттердің де қаншалықты мұнай өндіретінін тексеріп отырады”, – деп мәлімдеген еді Катардың энергетика министрі Мұхаммед бин Салех ас-Сада. Айта кетейік, ОПЕК елдері мұнай өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррель азайтуға келіссе, ұйымға кірмейтін елдер 562 млн баррель азайтатын болып шешілген.