11 Желтоқсан, 2016

ЭКСПО көрмеcіне билет сататын ресми кассалар ашылды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Классикалық бланк түріндегі кіру қағаздарын енді Mega Alma-Ata жəне Mega Park ойын-сауық орталықтарында орналасқан дүңгіршектерден алуға болады, деп хабарлайды 24.kz. Жұмыс және демалыс күндеріне арнайы мерзімдер де белгіленген. Құны 4-8 мың теңге аралығында. Еліміз бойынша «Қазпоштаның» 600-ден астам бөлімшесінде де билеттер бар. Сондай-ақ EXPO-2017 көрмесінің ресми сайтынан да электронды түрде алуға болады. Ұлттық компания жиыны 5 млн билет сатуды жоспарлаған. Оның 85%-ын қазақстандықтар алса, қалғаны шетелдік қонақтарға бұйырады.  Айта кеткен жөн, белгілі бір санаттағы азаматтар үшін жеңілдіктер қарастырылған. «6 жасқа дейінгі балалар көрмені тегін тамашалайтын болады. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен барлық топтағы мүгедектер жəне көпбалалы аналар, жетім балалар да көрмеге тегін кіру мүмкіндігіне ие. Ал оқушылар мен студенттер, зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік ұсынылады», - деді EXPO-2017 ҰҚ коммерциализациялау департаменті директорінің орынбасары Рада Исламова.