11 Желтоқсан, 2016

Астанада журналистер арасында футболдан «БАҚ лига» басталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
astana Бүгін Астанада журналистер арасындағы «БАҚ лига» біріншілігі жалауын көтерді. Алматыда бұл жарыс кеше басталған. «Астана футбол федерациясының басты мақсаттарының бірі - бұқаралық футболды дамыту. Сондықтан, бір-екі күндік турнирлерден маусымдық біріншіліктерге басымдық береміз. Журналистер лигасын да осы мақсатта қолға алып отырмыз. Биыл 11 команда жиналды. Бастамасы үшін жамас емес. Дегенмен, болашақта командалар саны бұдан да көп болады деген үміттеміз», - деді бас төреші Ғалымжан Кенжалинов. baq Елордада бақ сынайтын командалар саны - 11. Ойындар «Астана» спор кешенінде өтеді. Айта кетейік, 7 желтоқсан күні жеребе тастау рәсімі өтіп, ойын кестесі бекітілген болатын.