Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған кинотуындылар Үндістандағы Керала штатының астанасы Тируванантапурама қаласында желтоқсанның 9-ы мен 16-ы аралығында өтетін 21-ші Халықаралық үнді кинофестивалінде - айтулы оқиға - «Қазақстанға назар салу» бағдарламасы аясында көрсетілетін болады, деп хабарлады kazakhfilmstudios.kz.
Фестиваль шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясының әр жылдары түсірілген фильмдері көрсетіледі, атап айтсақ: «Келін» (реж. Е.Тұрсынов), «Шал» (реж. Е.Тұрсынов), «Студент» (реж. Д.Өмірбаев), сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «САҚ» студиясы түсірген «Қазақ елі» анимациялық фильмі (реж. Б.Дәуренбеков). Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде Серік Апрымовтың «Аңшы» және «Бауыр» фильмдері көрсетіледі.
Бұл картиналарды үнді көрермендеріне режиссердің өзі таныстыратын болады. Айта кететін жайт, Серік Апрымов фестивальдің халықаралық қазылар алқасының құрамына кіріп, бельгиялық режиссер Мишель Хлейфи (қазылар алқасының төрағасы), Үндістанның театр және кино актрисасы Сима Бисвас, ирандық актриса Баран Косари және фестивальдің бағдарламалар директоры Педро Пиментамен бірге фестивальдің үздік фильмін анықтайтын болады. Халықаралық қазылар алқасымен қатар киносыншылардан құралған - ФИПРЕССИ және НЕТПАК қазылар алқасы да жұмыс істейді. Биыл фестиваль барысында 62 мемлекеттен келген 185 картина көрсетіледі.
1996 жылдан бері өткізіліп жатқан Халықаралық үнді кинофестивалі Үндістанда өткізіліп жүрген маңызды мәдени іс-шаралардың бірі. Байқаудың ұйымдастырушылары - Керала штатының Мәдениет министрлігінің қолдауымен «Chalachitra» киноакадемиясы. Фестиваль Халықаралық кинопродюсерлер ассоциациясы федерациясында 1999 жылы тіркелген болатын.

Ақордада Сербия Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Президент • Бүгін, 12:02
Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Табиғат • Бүгін, 11:40
10 млн доллар: «Синалоа» серкелерін ұстауға көмектескен жанға сыйақы беріледі
Әлем • Бүгін, 11:36
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:26
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?
Қоғам • Бүгін, 11:12
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ата заң • Бүгін, 11:09
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Референдум • Бүгін, 10:55
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Әлем • Бүгін, 10:42
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:28
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 10:26
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 10:11
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Футбол • Бүгін, 10:09
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Елорда • Бүгін, 09:59
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:50