12 Желтоқсан, 2016

13-14 желтоқсандағы Федералды қор отырысынан не күтеміз?

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Желтоқсанның 13-14 күндері АҚШ Федералды қоры доллардың пайыздық үстемесін көтеруі ықтимал, деп хабарлайды investing басылымы. Тіпті, сарапшылар осы жолы Федералды қор үстемені көтеретініне 100 пайыз сенімді. Өйткені, қазан айындағы отырыста көтеріледі деген пайыздық үстеме ол жолы сайлау науқаны болғандықтан өзгеріссіз қалған еді. Федералды қордың мұндай қадамға баруы бірінші кезекте 2017 жылдың болжамды инфляциясының тым жоғарылығынан болса керек. Егер Федералды қор пайыздық үстемені көтеретін болса, доллардың құны артып, теңгенің долларға шаққандағы бағамы көтеріледі. Айта кетейік, бір жарым ай бұрынғы жиында АҚШ Федералды қоры сол жолы пайыздық үстемені 0,25-0,5 пайыздан көтереді деп күтілген еді. Бірақ сол жолы бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып, сайлаудан кейін көтеріліп қалуы мүмкін екені айтылған. Осы жолы, сарапшылардың пікірінше, негізгі пайыздық үстеме көтерілуі ғажап емес.