12 Желтоқсан, 2016

Бағаны нарық қана емес, антимонополиялық заңнама да реттеу керек

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-12-16-saguntaev

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев: «Бағаның көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов – ред), нарыққа қатысушылардың пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады. Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаның болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заңнама аясындағы құралдарды ескерумен, оның жолын кесуіміз керек», – деді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы: «Ешкім нарықтық жағдайда жұмыс істемеуі керек, табыс таппауы керек деп отырғанымыз жоқ. Біз тек монополиялық жоғары баға белгілеу жағдайлары болса, антимонополиялық заңнама аясында тетіктерді қолдана отырып, олардың жолын кесу керек дейміз», – деді. Сондай-ақ, мемлекет шығындарды төмендету шараларын қарастыру қажет деп санайтындығын,  бұл ретте нарыққа қатысушылар да өз шығыстарын төмендетуі тиістігін атап өтті. «Олар көлік, сақтау және электр энергиясы сияқты шығындар. Яғни, кешенді шешімдер қабылдайтын сәттер өте көп. Бұл әкімдер жауапкершілігінің аумағы. Барлық қажетті заңнамалық өзгертулерді жүргізіп, жауапкершілікті толығымен жергілікті атқарушы органдарға беру қажет», – деп атап өтті Премьер-Министр. Динара Бiтiкова, «Егемен Қазақстан».