12 Желтоқсан, 2016

«Егемендіктер» Инженерлік академия медалімен марапатталды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясына ҚР Инженерлік академиясының президенті, академик Бақытжан Жұмағұлов келіп, басылым журналистерін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні және газет шолушысы Сүлеймен Мәметті Инженерлік академияның дамуына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгімен марапаттады. Бақытжан Жұмағұлов Инженерлік академияның ашылғанына биыл 25 жыл толып отырғанын, оның тікелей Елбасы қолдауымен құрылғанына тоқталды. "Егемен Қазақстанның" білім мен ғылым мәселелері жайлы сүбелі де маңызды мақалалар жариялап жүргені, жалпы бұл саланы жіті назарда ұстайтыны туралы айтты. Газет ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Газет басшысы Дархан Қыдырәлі құрметті қонаққа ұжым атынан алғыс білдіріп, жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Егемен Қазақстан» кітапханасы сериясымен шыққан «Дәуір дауысы» кітабын сыйға тартты.