12 Желтоқсан, 2016

ФИФА президенті Байшақовқа құттықтау жеделхатын жолдады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
infantino ФИФА президенті Джании Инфантино Қазақстан футбол федерациясының басшысы Сейілдә Байшақовты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлады vesti.kz. Әлемдік футболдың басшысы Байшақовқа құттықтау телеграммасын жолдады. «Құрметті Президент, сізді Қазақстан футбол федерациясының басшылығына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз Қазақстанда футболдың өркендеуіне септігін тигізеріне сенімім мол. Бұл мақсатта менің жеке қолдауыма және де ФИФА-ның көмегіне жүгіне аласыз. Сіз үшін ФИФА есігі әрдайым ашық. Сондай-ақ, өзіңізбен бірге сайланған әріптестеріңізді менің атымнан құттықтап қоюыңызды өтінемін. Жаңа қызметіңізге тек табыс тілеймін! Жақын арада өзіңізбен өтер кездесуді асыға күтетін боламын!» – деп жазды Инфантино. fifa