12 Желтоқсан, 2016

Оралда полицейлерге 60 автокөліктің кілті табысталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-12-16-ment

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай полицейлерге 60 «ВАЗ 21214» автокөлігінің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Салтанатты жиында өңір басшысының атап өткеніндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағынан қамтылуына ерекше көңіл бөліп келеді. Осы орайда ел тыныштығын, азаматтардың құқығын қорғап, қылмыс атаулының алдын алуда тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сондықтан жергілікті атқарушы билік полицияны барлық қажеттімен қамтуды ұдайы назардан тыс қалдырмай, бюджеттен жыл сайын қаржы бөлінеді. Бұл жолы 50 автокөлік аудандық ішкі істер бөлімдеріне берілсе, 10-ы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті сақтауға қызмет ететін болады. Шара барысында озат тәртіп сақшылары облыс әкімінің алғысхаттарымен марапатталып, жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.  
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35