13 Желтоқсан, 2016

Қайырымдылық акциясын өткізді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Балалықтың гүлдәурен кезеңі  «Нұр Отан» Алматы қалалық филиалының  және «Нарруlon» компаниясының қолдауымен жетім балалар үшін қайырымдылық акциясын өткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы  бойынша «Нұр Отан» партиясының және «Нарруlоn» компаниясының өкілдері жетім балалар үйлерінің тәрбиешілері мен бүлдіршіндерді қызықты ойын алаңдарына алып барды. Кейде арман болып елестейтін сан түрлі мегалық ғажайып ойыншықтар күнұзақ балаларға тегіннен тегін қызмет етті. Аға-апалар мен тәрбиешілер бала­ларға шаршамай қызмет көрсетті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығына арналып еді. Балалықтың теңдессіз ойындарға толы шат күлкілі риясыз кезеңі де сол күнге  арналған екен ғой. Елбасына шаттық сыйлағандары үшін алғыстарын бір сәтке мұңсыз жанарларымен жеткізіп жатқандай. Бақытты сәттерің ешқашан таусылмасын, жүздеріңнен қуаныш пен күлкі кетпесін, тәуелсіздіктің бақыт құшағындағы балғындары. Шадыман ойын балаларын Меганың қисапсыз мың-миллион көз қызықтырар ойыншықтары толассыз тербетіп жатты. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35