13 Желтоқсан, 2016

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы

244 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
img_2540арынды Ақсудан асып, айдынды Алакөлге жетті Ақсу жұрты асыға күткен «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Матай темір жол бекетіне 9 желтоқсан күні жеткен еді. Аядай ауылдағы тіршіліктің бір көзі, нәрі болып саналатын шойын жолға елдің үміт артатын жөні бар. Себебі, Елбасының ұйғарымымен ұйымдастырылып отырған республикалық акция балалар үшін мерекеге айналып, ал қарт адамдар сырқатын емдетіп, көңілдерін сергітіп, ел болашағына деген сенімдерін бекіте түсті. 1 мыңға жуық жұрт жиналған перронда салтанатты жиын ұйым­дастырылды. Бекет басындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы респуб­ли­к­алық акциясының деле­гаттарын қарсы алушылар атынан Ақсу ауданы әкімі­нің орынбасары Сәбит Қорған­баев құттықтап, әлеуметтік-экономи­ка­­­­л­ық жетістіктерді тілге тиек ете ұлтара­лық татулық, қоғамдағы түсіністік басты құндылықтарымыздың бірі болып табылатынын баса айтты. Матай ауылының тұрғыны, зейнеткер, Ақсу ауданының құрметті азаматы Аймұхан Бейсенбеков бұл акцияның қоғамның қозғаушы күшінің бірі болып табылатын түрлі этнос өкілдерін ізгі мақсаттар жолында біріктіруші фактор ретіндегі маңызына тоқталса, республикалық акция жетекшісі Әміржан Әлпейісов: – Өтініш тілектер ескерусіз қал­майды. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы аясында тұр­ғындардың өтініш-тілектері мұқият тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары жан-жақты қарастырылады, – деді. Матай темір жол бекетіндегі бір ерек­шелік – Түркістан – Сібір темір жолының ашылуына 80 жыл толуы­на байланысты осында орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Өз кезегінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, об­лыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төраға­сы Оралбек Жақиянов бастаған топ ар­найы ұйымдастырылған кітап көрме­сін тамашалап, тұрғындарды әлеумет­тік мәселелер бойынша қабылда­ды. Матай ауылдық емханасында 335 адам, олардың арасында 38 бала бар, дәрігерлік кеңес алды. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясының құра­мындағы мамандардың бір тобы Матай орта мектебінің жұмысы­мен танысты. Қоғамдық келісім кеңесінің қабылдауымен қатар, мамандар құқықтық көмек көрсету және әлеуметтік мәселелерлер – еңбек және көші-қон саласы бойынша консультативтік кеңестер берді. Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер туралы, мүге­дектерге, көп балалы, жалғыз басты ана­ларға төленетін жәр­демақы, зейнетақы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша да көкейлеріндегі сауал­дарына халық тұшымды жауап алып, бірқатар мәселелерін шешті. * * * «Тәуелсіз Қазақстан» пойы­зы 10 жел­­­тоқ­санда Алакөлге де ентікпей жет­­­ті. Бір атап өтер жайт – осы­нау рес­­пуб­­­ли­­ка­лық акция құрамын­дағы кәсі­­би ма­ман­дар жаңа бекетке жет­кен­­де сер­­пі­ліп, тың күшпен халық­қа ете­не ара­ласып кететіндігі болды. Сонымен, Достық бекетінде де ел көңілінен шыққан кездесулер ұйым­­дастырылып, қалың көпшілік дәрі­герлерге қаралды. Келесі бір топқа түр­лі бағыттарда кеңестер берілді. Қара­пайым халыққа керегі де қандай да бір мәселесінің түйінін шешіп, сыр­қатына шипа тауып, жақсы сөз естіп, дұрыс ақыл-кеңес алу ғой. Бұл ретте, республикалық акция құрамындағы мамандар кәсіби шеберліктерін көрсете білді. – Бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстан» по­йызы республикалық акциясы құра­мындағы мамандар ауданымызда денсаулық сақтау саласы, үш тұғырлы тіл, бала асырап алу, 12 жылдық білім, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер, ауыл шаруашылығы, өз кәсібін ашу, кәсіпкерлікке несие алу жолдары­мен қатар, әлеуметтік мәселелер – зейнетке шығу, көп балалы және толық емес отбасыларына жәрдемақы алу, құқық қорғау мәселелері мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпы 2157 адамды қабылдады. Атқарылған жұ­мыс нәтижесі күткендегіден де асып түсті, – деді Алакөл ауданы әкімінің орын­басары Алмас Абдинов бастаған ел пойызды шығарып салып тұрып.  Нұрбол Әлдібаев, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы