13 Желтоқсан, 2016

Ембі еңбеккерлері марапатталды

290 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
_eac5444Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің еңбектерін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Атырауға сапары барысында байырғы мұнай компаниясының үш өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттады. – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қар­саңында облыс пен еліміздің игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандарды атап өткім келеді, – деді марапаттарды табыстаған Елбасы. _eac5459-2Марапатқа «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірін­ші орынбасары Құрманғазы Есқа­зиев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөнін­дегі операторы Жақсыгерей Құбашев, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қабат қысымын ұстау шебері Қарлыға Алтыналиева ие болды. Мұнай-газ саласын дамы­туға қосқан зор үлесі үшін ком­пания басшысының бірін­ші орын­басары Құрманғазы Есқазиев «Құрмет» орденімен мара­пат­талды. Геология-мине­ра­ло­гия ғы­­­лым­дарының кандидаты, ғы­лым мен техника саласын­да­ғы әл-Фараби атын­дағы Қазақ­­­стан Рес­публи­касы Мемлекеттік сый­­­лығының лауреаты Құрман­­ғазы Есқазиев мұнай саласында 30 жылдан бері қызмет атқа­рып келеді. Еңбек жолын Балық­шы барлау бұрғылау басқарма­сын­да ұңғыманы цементтеу жөніндегі оператор­лықтан бастап, содан кейін геолог болып жал­ғас­тыр­­­ды. Арада бес жыл өт­­кен соң Атырау ұңғымаларды күр­­­­делі жөндеу және мұнай қа­бат­­­тары­­ның өнімділігін артты­ру бас­­­қар­масының бас геологы бо­лып тағайындалды. Әр жыл­дары «Ембімұнайгаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құр­ы­лымдарында басшы лауазымдарын атқарды.  «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төр­ағасының қыз­метін атқаратын бас дирек­тор­дың бірінші орынбасары. Қ.Есқазиевтың жаңа техно­ло­гияларды енгізу және өндіріс тиім­­ділігін арттыру бойынша мол тәжірибесі бар. Оның бас­шы­лық етуімен компанияда 2015 жылы жаңа жобалар: УАЗ кені­шін­де «Интеллектуалды кен орны», дуалды оқыту жүйесін ен­гізу жөніндегі қанатқақты жоба ой­дағы­дай жүзеге асты. Құр­­манғазы Орын­ғазы­ұлы Қа­зақ­­­­стан кен орын­дары, оның ішін­де Теңіз, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Исатай және басқа кеніштер бойын­ша геоло­гия­лық-техникалық тал­­дау жасау жөнінде дүние жүзі­нің ірі мұнай-газ компаниялары­мен жа­салған келіссөздерге белсе­не қа­тысты. Айта кету керек, Қаша­ған кеніші бойынша да еңбегі зор. Ол сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жер қойнауын құр­метті барлаушысы, Атырау облы­сының құрметті азаматы атанды. Мемлекетіміз сондай-ақ, «Дос­сормұнайгаз» МГӨБ мұ­най және газ өндіру жөнін­дегі операторы Жақсыгерей Құбашевтың еңбегін жоға­ры бағалап, 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады. Ж.Құбашев мұнай саласында 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын 1973 жылы «Доссорнефть» МГӨБ мұнай өндіру жөніндегі операторы болып бастаған. 1977 жылдан күні бүгінге дейін Қарсақ кені­шінде мұнай және газ өндіру цехында оператор болып еңбек етеді. ЕМГ тарихында осынау ауыр да қиын жұмыста әріптес ер адам­­дармен бәсекеге түс­кен мұ­най­­шы әйелдер де аз емес. Осын­дай еңбегі үшін Қарлы­ға Ал­тын­­алиева 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен мара­пат­талды. Ол мұнай саласына 34 жылын арнаған. 1977 жылы «Доссорнефть» МГӨБ-ке өлшеу­ші болып орналасты. 1980 жылдан бастап аудандық инже­нер­лік-технологиялық қызметте ұңғы­маларды зерттеу бойынша оператор, ұңғымаларды зерттеу операторы, «Доссорнефть» МГӨБ қабат қысымын ұстаушы оператор, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қабаттық қысымды ұстау шебері болып еңбек етуде. Ат­қарған еңбегі үшін ол құр­мет грамоталары­мен және төсбел­гілермен марапатталды. Бұдан көп жыл бұрын басты корпоративтік құндылық – адам ресурстары деп мәлімдеген «Ембімұнайгаз» компаниясы өзі­нің дұрыс бағытты таңдаға­ны­на көз жеткізді. ЕМГ-дегі майталман мамандар алған марапат – бұл мұ­най өндіру тарихында аңызға ай­нал­ған бүкіл ұжымның марапаты. Әлия ИМАШЕВА