13 Желтоқсан, 2016

«Оңтүстіктің» қолдауы

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2691_oko-1«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 2009 жылдан бері 14 мыңға жуық жобаға қолдау жасап, жұмыс жасаймын дегендердің қолына балық емес, қармақ ұстатты. Бұған дейін «Максимум» АИО аталып келген орталық күнгей аймақтың имиджін көтеру үшін «Оңтүстік» атына ауыстырылған еді. ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Оң­түс­тік» АИО төрағасы Арман Да­наев бү­гінге дейін жалпы сомасы 5 429,9 млн теңге болатын 4 114 жұ­мыс орны ашы­латын 1 608 жоба қар­жы­лан­ды­ры­л­ғанын айтты. Аталған жобалар іске қо­сылған уақытта жыл сайын 23 млрд тең­генің өнімі өндіріледі деп жос­пар­ла­нуда. «Оңтүстік» АИО индус­триялан­ды­ру кар­тасына енген 6 жоба, мал ша­ру­а­­шы­лығын дамыту бағытында 661, көк­­тем­гі дала жұмыстары бойынша 839, интен­сивті бау шаруашылығы бойын­ша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнім­дерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен. Жалпы, 2009-2016 жылдары «Оң­түстік» аймақтық инвестициялық орта­лығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн теңгені құрайтын 13 921 жоба­ны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орны ашылды. 2016 жылы орталық қаржы­лан­дыр­ған жобаларының аудан, қа­ла ке­сіндісі бойынша қазіргі таңда Орда­ба­­сы ауданы ең жоғары көрсеткішпен тір­­келіп отыр. Яғни биыл аталған аудан­да 126 жо­ба 1 214,0 млн теңгеге не­сие­лен­ді­ріл­ген. Сондай-ақ, компания басшылығы ал­да­ғы жылға өз алдына бірқатар мін­дет­­темелер мен жоспарлар қойып отыр­ған­­д­ы­ғын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жа­ңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлап отыр. Олар – ауылшаруашылық өнім­­дерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35