2011 жылғы 27 тамызда Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайында шайбалы хоккейден ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық мачты өтті. Бірінші орынға «Сарыарқа» (Қарағанды қаласы) және «Арыстан» (Теміртау қаласы) хоккей командалары таласты.
Матч аяқталған соң кубок ойынының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар, сондай-ақ хоккей клубтарының ең үздік ойыншылары марапатталды. Марапаттау рәсіміне «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин және шайбалы хоккейден Қазақстан федерациясының президенті Асқар Мамин қатысты. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының арнайы жүлдесі турнирдің ең үздік ойыншыларына табыс етілді. Кубокты финалдық кездесуде «Сарыарқаны» ұтқан «Арыстан» хоккей клубы жеңіп алды.
Кубокты өткізудің негізгі мақсаттары – Қазақстанда хоккейді одан әрі дамыту, халықаралық жарыстарда және турнирлерде отандық клубтарды және құрама командаларды ойдағыдай ойын көрсетуге дайындау, сондай-ақ хоккей жанкүйерлерінің бос уақытын ұйымдастыру мен халық арасында, әсіресе, балалар, жасөспірімдер және жастар арасында қазақстандық спортты насихаттау.
Кубоктың Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында өтуі оған ерекше мағына берді. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанда спорттың дамуы жаңа серпінге ие болды. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы мен ерекше назарының арқасында қазақстандық спорт, атап айтқанда, хоккей жоғары деңгейге көтерілу мүмкіндігіне қол жеткізді.
Кубок ойындарына еліміздің Теміртау, Алматы, Көкшетау, Астана, Атырау, Рудный, Павлодар, Өскемен, Қарағанды сияқты қалаларынан 10 кәсіпқой хоккей клубтары қатысты. Аталған іс-шараны «Нұр Отан» ХДП шайбалы хоккей бойынша Қазақстан федерациясымен бірлесе ұйымдастырды. Жалпы, «Нұр Отан» партиясы ұлттық және халықаралық ауқымдағы ірі спорттық оқиғаларды тұрақты ұйымдастырушылардың бірі болып табылады және бүгінде Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуға ықпалы зор болып отыр.

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Экономика • Бүгін, 12:27
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 12:08
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 11:55
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51