15 Желтоқсан, 2016

Оқушылар сарайы ашылды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Орал қаласында оқушылар және жастар сарайының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Әлеуметтік-спорт­тық бағыттағы бұл айрық­ша ны­сан өңір жастарының инте­л­лек­туалдық және рухани тұрғыдан жан-жақты дамуына үл­кен мүм­кін­діктер туғызады деп кү­ті­лу­де. Аталмыш оқушылар сарайы Елба­сы­­мыз­дың тапсырмасы бойынша бой кө­терген. Мұнда шығармашылық қыз­меттің барлық түрлерімен және спортпен айналысуға, сондай-ақ, әр­түрлі үйірмелерге қатысуға барлық жағ­дайлар бар. Жастар сарайындағы ерекше жабдықталған екі үлкен залды айтпай кету еш мүмкін емес. Оның бірі Орал өңірінің тумасы, Рио олим­пиа­да­сының чемпионы, бокстан ұлттық құрама командасының капитаны Данияр Елеусіновтің атына берілген. Яғни, бұл зал ресми тұрғыдан алғанда Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы деп аталмақ. Ғимарат «КПО б.в» компаниясының қаражатына бой көтерген. Оқушылар сарайының ашылу рәсімі кезінде облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз арнасын осы арадан сабақтады. «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Мароли сәт­ті­ жүзеге асқан бұл жоба компания мен облыс әкімдігінің арасын­да қалыптасқан оң қарым-қатынастардың басты көрі­ні­сі екенін атап өтіп, ғимараттың сим­вол­дық кілтін «Жас ұлан» ұйымының мүшелеріне табыстады. Ардагер ұстаз Борис Чебаков пен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов салтанатты лента қию рәсімін орындаған соң жиналғандар оқушылар және жастар сарайының ішін аралап көрді. Орал қаласындағы оқушылар және жастар сарайының ашылу рә­сі­мі­не Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ