15 Желтоқсан, 2016

Қытайда Қазақстан кітап бұрышы ашылды

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15555096_1812528482328532_1198508780_n 15 желтоқсанда Қазақстан мен Қытайдың өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатқандығына 25 жыл толуына орай Бейжіңдегі мемлекеттік кітапханада Қазақстан кітап бұрышы ашылды, деп хабарлайды Қытайдың «Халық торабы» ақпараттық порталы. 15497714_1812528622328518_975962548_n Шараны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі, Қытай мемлекеттік кітапханасы және Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы бірлесе ұйымдастырылған. Аталған іс-шараға Қазақстанның қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев, Қытай мемлеттік кітапханасының бастығы Хан Иұңжин, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының бастығы Үмітхан Мұңалбаева, жазушы, Қытай мемлекеттік саяси кеңесінің мүшесі Әкбәр Мәжитұлы және өзге де мәдениет саласындағы құрметті қонақтар қатынасып, сөз сөйледі. 15592158_1812528828995164_1380424463_n "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының дирекоры Үмітхан Мұңалбаева бұл кітап бұрышына Абайдың қара сөздері, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жазылған кітаптар, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы бастаған 200-ге тарта кітаптар қойылғанын атап өтті», деп жазады аталған ақпарат көзі. 15577721_1812528848995162_344339714_n Суреттер «Халық торабынан» алынды