02 Қыркүйек, 2011

Сенат депутаттарының жиналысы

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссиясының жаңадан сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеуіне байланысты палата депутаттарының жиналысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Жиналысты аша келіп Сенат Төрағасы Қай­рат Мәми биылғы 19 тамыздағы сайлау нәтижелері бойынша елі­міздің Орталық сайлау комис­сия­сы жаңа­дан сайланған Сенат де­путаттарын тіркегенін және енді сайланған әріптестері депутаттық өкілеттік­терін жүзеге асыруға бар күш-жігерін, білімі мен тә­жі­рибелерін арнайтынына сенім білдірді. Қ.Мәми Парламент  қызме­ті­не және ұлттық заңнаманы қа­лып­тас­тыруға қосқан қомақты үле­сі үшін өз өкілеттіктерін аяқ­таған депу­тат­тарға алғыс айтты. Төраға сондай-ақ өздерінің мәр­тебелі міндеттерін та­бысты атқаруға жәрдемдескен олар­дың жоғары кәсіби шеберлігі мен іске деген жауапкершілігін атап өтті. Қ.Мәми айтқандай, еліміздің жоғары өкілді органы өкілеттігін бекіткен, Конституцияның негізінде құрылған қос палаталы Пар­ламент Сенатының тұңғыш төраға­сы Өмірбек Байгелдидің еңбегін жұртшылық жоғары бағалайды. Қоғам және мемлекет қайраткері Ө.Бай­гелди төрағалық еткен кезең­де Сенат тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды заңдарды қабылдады, егемен даму жолына түскен ал­ғашқы жылдарда уақыт талап еткен құқықтық іргетас қалып­тас­тырылды. Депутаттық өкілеттігін аяқта­ған Нүсіпжан Нұрманбетовтің, Тас­бай Симамбаевтың, Бақберген Досманбетовтің, Еділбай Иман­құ­ловтың, Серік Аяғановтың, Аманжол Бөлекбаевтың, Жақай Нұрғалиевтың Сенатта қызмет еткен жылдардағы еңбегіне тоқ­талған Қ.Мәми олардың депу­тат­тық міндеттері мен азаматтық парызын орындауда өнеге болғанын атап өтті. Төрағаның айтуынша, Қазақ­стан мемлекеттілігін дамытуда құқықтық іргетас қалыптастыру­да­ғы ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық ахуал жасаудағы олардың еңбегі жаңадан сайланған депутаттарға ғана емес, келешек ұрпақ үшін де үлгі. Өкілеттігін аяқтаған депу­таттарға Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.