02 Қыркүйек, 2011

Ықпалдастыққа ынта

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов ҚХР ХӨБЖ Тұрақты комитеті бас хатшысының орынбасары Цао Вэйчжоумен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Халық өкілдерінің Бүкілқы­тай жиналысы Тұрақты коми­те­тінің төрағасы У Бангоның Қа­зақ­станға алғашқы ресми сапа­ры­на әзірлік аясында өтіп отыр­ған кездесуде Қазақстан мен Қы­тайдың екіжақты қатынастарын одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір ал­ма­сыл­ды. Қ.Сұл­танов атап өткен­дей, Қазақ­стан мен Қытайды дәс­түрлі дос­тық және тату көршілік қаты­настар байланыстырады, екі мемлекет арасындағы стра­те­гия­лық ынтымақтастықтың бар­лық сала­лары табысты болып келеді. Кездесу барысында тараптар тату көршілес екі елдің стра­те­гиялық әріптестігін дамытудағы Қазақстан басшысы Н.Назарбаев пен Қытай басшысы Ху Цзинь­таоның ауқымды үлесін атап өтті. Ц.Вэйчжоу айтқандай, «ХӨБЖ төрағасы У Бангоның дос және қонақжай елге сапа­ры­на Қытай үкіметі зор маңыз береді».