18 Желтоқсан, 2016

Биыл ақтөбеліктерге 5 мың пәтер берілді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ақтөбеліктер 5 мың пәтерге, 6 мыңнан астам жер учаскесіне ие болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
«Ақтөбе облысының басшылығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдап жатыр. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың құрылысы - өңірде осы мақсатта жасалып жатқанның бір бөлігі ғана. Жалпы алғанда, биылғы жылы облыста «Қолжетімді тұрғын үй», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «ҚТҚЖБ» салым салушылары арасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары желісі бойынша 5000 пәтердің кілті табысталды», - делінген хабарламада. Бұдан бөлек, соңғы 5 жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2,3 млн астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл облыстың 19 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Облыстың тұрғын үй құрылысында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 163 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Ағымдағы жылы кемінде 580 шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 2016 жылы тұрғын үйлердің тағы 23 блок-секциясының құрылысы басталды, бұл жалпы ауданы 75,9 мың шаршы метрді құрайтын қосымша 1278 пәтер. Үйлердің құрылысы 2017 жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек облыс тұрғындарына алты мыңнан астам жер учаскесі берілген.