02 Қыркүйек, 2011

Екіжақты әріптестік байланыс

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысы әкімінің орынбасары Ты­ныш­­бай Досымбеков бастаған делегация Сол­түстік Қазақстан облысында бо­лып, өңірлік  қа­рым-қатынасты одан әрі баян­ды ету­дің нақты жолдарын қарастырды. Құрамы­на түрлі құры­лым, бизнес өкілдері енген топты аймақ басшы­сы Серік Біләлов қабылдап, бүгінде қызу өріс алған егін орағының барысымен та­ныс­тырды. Күрделі ауа райы жағдайына қара­мастан бітік егінді жинауға барлық күш-жігер жұмылды­ры­лып отыр, озық технологиялар кеңі­нен қолда­нылуда. Жетісулық делегация жетекшісі өз кезегінде  екі­жаққа да пайдалы іскерлік қарым-қаты­настың 2008 жылдан орнағанын, осы сапарда астықты  аймақ­тан 100 мың тонна бидай сатып алуға мүдделілік танытып отырған­дарын айта келіп, күріш, өсімдік майы, сарымсақ өнім­дерімен, аккумулятор батарея­лары, құрылыс мате­риалдары  секілді өнеркәсіп тауарларымен қам­тамасыз ете алатын­да­рын жеткізді. Бәсекеге қабі­летті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп өндіру, баға­ның қолжетімділігін қамтамасыз ету мәсе­лелерін қамтитын меморан­думға қол қойылды. С. Мұқанов атындағы  ғы­лыми-әмбебап кітапханада қос өңірдің  кәсіпкер­лері кездесіп, отан­дық тауарлар үлесін арт­тыру, нарық қиын­дықтарын бірлесе игеру мәселе­леріне қатысты пікірлер алыс­ты. Жергілікті жерлерде жұмыс істейтін кәсіп­орындардың еңбек ырғағы­мен танысты. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.