02 Қыркүйек, 2011

Басты мақсат – білім сапасын арттыру

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жұмыс барысымен Щучинск гарнизонындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Мұнда жаңа оқу жылы басталған күні  салтанатты жағдайда әскери және мемлекеттік басқару факультеті мен докторантура, сондай-ақ ІІМ-нің ішкі әскерлер факультеті ашылды.  Жоғары оқу орнының негізгі міндеті – жоғары  білімді магис­тратура мамандықтары бойын­ша әскери мамандар, адъюнктура ма­ман­дықтары бойынша ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадр­лар даярлау. Сонымен бірге  оқу орнының құзырына әскери кадр­лардың  білімін көтеру және жетілдіру (курстық әзірлік – Жоға­ры академиялық курс (ЖАК), әс­кери ғылым саласында  ғылыми зерттеулер жүргізу кіреді. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, мұнда тек Қорғаныс министр­лі­гі­нің офицерлері  ғана емес, сон­дай-ақ Қазақстан Республикасы­ның  басқа да әскерлері мен әс­кери құрылымдарының, Ұжым­дық қауіпсіздік  шарты ұйымына мүше елдердің (ҰҚШҰ), Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанның  өкілдері оқып білім алады. Биыл 60-тан астам түлек оқу орнының «Магистр» академия­лық дәрежесі бойынша «Әскери және  әкімшілік басқармасы», «Әс­кери білім», ал қайсыбірі «Тех­никалық қамтамасыз ету бас­қармасы», «­Тәр­­­бие және әлеу­меттік-құқық­тық процесс бас­қар­масы» маман­дық­тары бойынша білім алып шықты. Қорғаныс ведомствосының бас­шысы әскери оқу орындары­ның  әлемдік стандартқа сай заманауи құрал-жабдықтармен  қам­тамасыз етілгендігін және  оқу бағдар­лама­сының  түпкілікті  жаңартылған­ды­ғын атап өтті. Оқу процесіне бүкіл  офицерлер құрамы  қамтылған. Жұмыс сапары барысында  Қорғаныс министрі Кадет кор­пу­сы­ның интерактивті және компьютер  сыныптарын аралап көр­ді. Ұлттық қорғаныс университетінде мультисервистік  құралдар­мен жабдықталған сыныпта  өт­кен офицерлердің  алғашқы саба­ғына  қатысты. Жүніс ОМАР, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің бөлім бастығы, полковник. ------------------------------------- Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.