02 Қыркүйек, 2011

Тұрғын үйдің тиімді метрлері

385 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің пайда болуымен тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі қарқынды дамып келеді. Бұл жүйе несиелік қордың құнын, соның ішінде тұрғын үй құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын едәуір арзандатты. Пәтер сатып алу немес үй салу – көптеген қазақстандықтар үшін кө­кейкесті мәселе болып келеді. Баспана әрқашан қажет, ал бұл мәселені шешу жолында тек дұрыс шешім қа­былдаған абзал. Әрине, екінші дең­гейлі банктер бар, дегенмен жоға­рылап кеткен пайыздармен ипоте­ка­лық несие алуға әрдайым мүмкі­н­дігіңіз жете бермейді. Несие па­йы­зының жоғарылауы, тұрғын үйдің шаршы метрін шынымен де алтынға айналдыратыны жабырқатады! Әт­тең, төлемге берілетін қомақты ақ­шаның орнына, ешқандай қиын­дық­сыз тұрғын үй құрылыс жинақ жү­йесі арқылы баспана алуға бола­ты­нын білгенде ашынасың. Не себепті дәл осы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сі? Себебі, осы жолды бола­шағын ойлаған дамыған елдер таң­дап отыр. Барлығы қымбат несие ала алмасы анық, міне сондықтан жинақтау жүйесі іс жүзінде ипо­те­калық несиелерге альтернативті бә­се­ке тудырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сі – пәтер алу, тұрғын үй жағдайын жақ­сарту немесе жөндеу жұмыс­та­рын жүргізудің бірден-бір тиімді кілті. Бұл жүйеде, барлығы салым­шы­ның өзіне байланысты, яғни оның төлеу қабілеті және шотын жүйелі түрде тол­тырып отыруы. Тұрғын үй құры­лыс жинақ банкі бөліміне кез келген азамат келіп, өзіне лайықты тарифті таңдап, тұрғын үй құрылыс жинақ келісім-шартын жасап, еліміздегі ең төменгі сыйақы мөлшерімен несие алуы үшін қор жинақтауға құқылы! Мұндай жиналған қаражат көзі депозит болып табылады және оған 2% жылдық мөлшерінде Банк сыйақысы төленеді. Толық сенімді болу үшін жинақтау барысында, мем­лекет жәр­дем беріп, шетте қал­майды. Жыл сайын мемлекет тара­пы­нан 20 пайыз мөлшерінде (200 МРП-ге дейін) жи­наққа қаражат қосылып отырады. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сінің тағы бір жеңілдігі турасында айта кетсек, ҚР Салық кодексінің 166-шы бабының 5-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құры­лысы жинақ ақшасы туралы заңна­ма­сына сәйкес Қазақстан Республи­ка­сының аумағында тұрғын үй жағ­дай­ын жақсарту жөнiндегi iс-шара­ларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағыт­талған сомалар қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезең­ді­лігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн салық шегерімдері қолданылады Тұрғын үй мә­селелерін шешуде кез келген банктің мұндай жағдай жасамайтыны анық! Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде, сіз пәтер немесе үй сатып алу тарифтік бағдарламаларын таба ала­сыз. Мысалы, «Болашақ» тарифтік бағдар­ламасы – жинақтау мерзімі – 15 жылға дейін және тұрғын үй зае­мы бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 3,5% (тиімді сыйақы мөл­шерлемесі 3,6% дейін) құрайды. Бұл болашақ ұрпа­ғы­ның тұрғын үй мәселесін бүгін ой­лайтындар үшін құрылған бағдарлама. Сіздің бала­ларыңыз қалай тез өссе, «Болашақ» жинақтары да солай өседі! Тұрғын үй арманына қол жеткізуде, 8 жылға арналған «Кемел» оп­тималды бағдарламасы бар. Бұл тариф бойынша тұрғын үй заемы бой­ынша сыйақы мөлшерлемесі — жы­лына 4% (тиімді сыйақы мөлшер­лемесі-4,2% дейін). Бұрынғы кеңшілік уақыттағыдай, бесжылдықта тұрғын үй заемы бой­ынша сыйақы мөлшерлемесі – жы­лы­на 4,5% (тиімді сыйақы мөлшер­ле­месі – 4,7% дейін) құрайтын «Өр­кен­мен» тұрғын үй мәселесінен құ­тылыңдар! Өз уақытын бағалап, ширақ қоз­ғалатындар үшін, тұрғын үй заемы бойынша сыйақы мөлшерлемесі — жылына 5% (тиімді сыйақы мөл­шер­лемесі 5,3% дейін) құрайтын бағ­дар­ламаның жедел түрі – «Бастау» 3,5 жылға дейін. Жақсы істің бастауы болатын «Бастау» өз ісіне тастай. Әрине, көпшілік жинақтау оңай еместігіне келіспеуі мүмкін. Қазіргі таңда қандай да бір нәрсені сақтау қиын сияқты. Түрлі оқиғалар сақтау­ға жол бермейді. Осы ретте ең бас­тысы – өзіңізге зиян келмейтін, пай­далы жолмен ақшаңызды жинақтау. Көп жағдайда, бұл тарифтік бағдар­ла­маны таңдауға да байланысты бо­ла­ды, әрине кейінірек те өз үйіңіз бен пәтеріңізді иемдену қуанышы­ңыз­ды жеделдетуге мүмкіндік жа­сай­тын бағдарламаны таңдауға бо­лады. Тұрғын үй құрылыс жинақ бан­кі салымшыларының айтуы бой­ын­ша, жинақтаушылар салымды аз мөл­шерден бастап, кейін табысы жоға­рылауына байланысты басқа тарифке ауысса болады. Әлбетте, мұн­да жағ­дайлардың барлығы ескеріліп оты­рады. Басқа екінші деңгейлі банк­тер­де қандай да бір өзгерістер өте тиімсіз. Ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен әрдайым тимді демекпіз! Тұрғын үй бағасының 50% жина­ғы бар және пәтерді алдын ала жи­нақтаусыз алғысы келетіндер үшін, 2011 жылдың 1 шілдесінен 25 жел­тоқ­сан айы аралығында пайыздық мөлшерлеме төмендетілген. Пайыз­дық мөлшерлеменің төмендеуі ара­лық тұрғын үй несиелеріне әсер етіп, қазіргі таңда 8,5% (тиімді сыйақы мөшерлемесі 17,5% дейін), «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық тұр­ғын үй несиелері жылдық 9,5% (тиімді сыйақы мөлшерлемесі 15,7%), ал­дын ала тұрғын үй несиесі бой­ынша 0%-дан 25% аралығында жи­нақ­тарды жинағандарға келісім-шарт сомасы­нан жылдық 11%-ға жетті (тиімді сый­ақы мөлшерлемесі 15,1%), ал 25%-дан 50% кезінде келісім-шарт со­ма­сынан жылдық несие 10,5% құрады (тиімді сыйақы мөлшер­ле­ме­сі 17,3%). Тұрғын үй жинақ банкі соңғы кез­дері жаңа жобалар ұсынып, тұр­ғын үй алу мүмкіндіктерін кеңей­ту­де. Мы­са­лы, 2011-2014 жылдар ара­лы­ғында мем­лекеттік тұрғын үй бағ­дарла­ма­сын жү­зеге асыру шеңбе­рін­де – Банк салым­шы­ларының кейінгі ием­дену құқығы негізінде әлеу­мет­тік қымбат емес тұр­ғын үй құры­лы­сы жүргі­зі­луде. Қазіргі нарықта, жыл­жымайтын мүлік баға­сының ар­туы аясында қо­лайлы бағаға тұрғын үй алу ерекше жайт. Баға келесідей көрініс алуда – Алматы қаласы үшін пәтердің таза әрленген күйіндегі 1 шаршы метрі 142,5 мың теңге, Астана, Ақтау қала­ларында 112,5 мың тең­гені құраса, өзге ай­мақ­тар үшін 90 мың теңге белгіленген. Бағдар­лама қатысушы­лар­дың пулдарын құ­ру ар­қы­лы жүзеге асуда. Тұрғын үй құ­ры­лысының бағ­дарламасына қа­ты­су үшін өтініш формасын тол­ты­рып, қа­жетті құжат­тарын ұсынып, тұрғын үй жи­нақтау келісімшартын жасасу қажет. Нақты ақпаратты, сіз барлық об­лыстарда орналасқан Банктің ай­мақ­тық бөлімшелерінде немесе www.hcsbk.kz сайтынан біле аласыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – мемлекеттік маңызы бар іс! Ибраһим КАППАСОВ. Қосымша ақпаратты «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-35-11, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанда қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ., 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz