Облыс жұртшылығы Конституция күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті
Еліміздің Ата Заңы қабылданған күнді салтанатпен атап өту республика халқының борышы. Өзін шын қазақстандық, елінің ұлтжанды ұл-қызымын деп есептейтін әрбір азаматқа міндет саналатын аталмыш мерекені Павлодар облысының тұрғындары абыроймен атқарды. Негізгі шаралар облыс орталығында ұйымдастырылды. Бұл күні орын алған айтулы оқиғаның бірі – Павлодар қаласының орталық көшелерінің бірінде өткен мемлекеттік туды көтеру рәсімі.
Барша әлемге бейбітшілігі бекем, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа, тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етіп келе жатқан көгілдір түстес туымыз енді Павлодар қаласының қақ ортасында желбіреп тұр. Осылайша, Конституция күні мерекесі павлодарлықтар үшін әсерлі шарамен басталды. Лермонтов көшесі бойындағы саябақта мемлекеттік туды көтеруге арналған салтанатты шара өтті. Әнұранымыздың асқақ үнімен биіктігі 40, ал ені 10х20 метр болатын көк байрақ көтерілді. «Туған жерге туыңды тік» дейді дана халқымыз. Олай болса, кіндік қанымыз тамған ұлан-ғайыр жерге алып ту тігу – біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Тудың кеңдігі – еліміздің дарқандығы. Біз ұлттық рәміздерді құрметтей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылықты сіңіре аламыз. Бас байрағымыз бейбіт аспанымызда желбірей берсін. Қазақстанның мерейі үстем, еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік болғай. Конституция күні құтты болсын!», – деді облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Ел тірегі – елжанды ұрпақ. Ал мемлекеттік рәміздерге деген құрмет – отаншылдық сезімнің аса бір жарқын көріністерінің бірі. Сондықтан болар, шараға жастар қауымы көптеп тартылды. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, мемлекеттік мекеме басшылары мен қала тұрғындары көптеп жиналды. «Көк туымыз желбіреп тұрған бұл саябақ қаламыздағы ең бір көркем, қасиетті орындардың біріне айналатындығына сенімдімін. Бұл әсіресе жастар қауымы үшін, оларды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеуде аса маңызды. Елордамыз Астананың төрінде желбіреп тұрған байрағымызды көргенде «шіркін, біздің де қалада аспанмен таласқан осындай алып ту орнатылса ғой» деп ойлаған едім. Бүгін осы бір арманымызға қол жетіп отыр!», – деп атап өтті қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Совет Әмірханов.
Туды салтанатты жағдайда көтеру құрметі Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар облысы және Павлодар қаласының Құрметті азаматы Қабдеш Нұркин атамыз бен облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев және облыстық мәслихат хатшысы Ринат Гафуровке бұйырды. Бұл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралардың ресми бастауы десе де болады.
Бұдан кейін жұртшылық қаланың орталық алаңына жиналды. Салтанатты шара жиырма мыңға жуық адам қатысқан мерекелік шерумен басталып, оның соңы халықтық той-думанға ұласты. Сондай-ақ павлодарлықтар елордамыз Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады. Кешке дейін созылған мерекелеу жергілікті өнерпаздар мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен, отшашумен аяқталды.
Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Қоғам • Бүгін, 10:07
Руханият • Бүгін, 09:55
Бүгін қай өңірлерде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:49
Қаржы • Бүгін, 09:35
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша бақ сынайды?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті
Футбол • Бүгін, 09:07
Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің маңызды бағыты
Саясат • Бүгін, 09:00
Егемен елдің таңдауы жауапкершілікпен өлшенеді
Пікір • Бүгін, 08:55
Валюта бағамы: құбыла ма, тұрақтала ма?
Қаржы • Бүгін, 08:50
Сыр бойына жүгері де жерсінеді
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Софья Самоделкина қысқа бағдарламада қалай өнер көрсетті?
Спорт • Бүгін, 08:42
Қалдықты кәдеге жарататын кәсіпорын
Аймақтар • Бүгін, 08:40
Farabi university: ғылым, инвестиция және дамудың жаңа кезеңі
Университет • Бүгін, 08:35
Мирас • Бүгін, 08:30