02 Қыркүйек, 2011

Сол жігіттер қайда екен?

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұдан 40 жыл бұрын, 1971 жылғы қыркүйекте Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1976 жылы журналист мамандығын алып шыққандар курс­тастары Ермек Әзімбаевты, Қанжаппар Қозыбековті және Фархад Әбдіхайымовты іздейді. Ермек алғашқы курстарда-ақ мақалалары «Лениншіл жаста» жарияланып, көзге түскен. Оқу­­ды бітірген соң жолдамамен Семей облысының Шар ауданына жіберілген еді. Аудандық газетте орын болмай, бір хабарлас­қа­нында кинофикация бөлімінде іс­теп жүргенін айтқан болатын. Кейін жігіттер Семей қаласынан көрген екен. Полигонның зар­да­бынан болар, денсаулығы сыр бере бастағандай да еді. Қанжаппар екінші курстың бі­рінші семестрінде бірер уақыт келіп жүрді де, оқудың қиын­ды­ғынан ба, әлде отбасы жағдайы­нан ба, көрінбей кетті. Өзі Жам­был облысының Талас ауданы­нан келген еді. Кейін жігіттер Алматы қаласында сыртынан көріпті. Фархад екінші курстан соң сырттай бөлімге ауысып, оқуын бітірген. Кейінірек Оңтүстік Қа­зақстан облысының бір ауданы­нан көріп едім. Хабарласып, материал жазып тұрамын деген. Бірақ хабарласпады. Ермек Әзімбаевты, Қанжап­пар Қозыбековті, Фархад Әбді­хайы­мовты көрген-білгендер, бір дерегін білетіндер мына қалта­фон нөміріне хабарласса екен: 8-7015118628. Ержұман СМАЙЫЛ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.