WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы Дэниель Джейкобс (32-1, 29 КО) наурыз айында Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтер жекпе-жегі жайлы өз пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Бұл айқаста өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деп сенімді түрде айта аламын. Головкин мықты боксшы болғанмен, бойында «қырық үш күндік» кемдігі бар. Оның бәрін өз пайдама жарата аламын. Дегенмен, соққысын, шама-шарқын ескергенім жөн. Бокс болғандықтан мұнда бәрі де болуы мүмкін. Геннадийдің қорғанысы әлсіздеу, ал мен жылдам қозғалып, оның соққыларынан сытылып кете аламын. Бәрін жоспар бойынша орындасақ, қажетті нәтижеге қол жеткізе аламыз», – деді Джейкобс.
«Мансабымдағы ең үлкен айқас болайын деп тұр. Бұл жолы андердог (жеңістен үміті аз спортшы) ретінде қатыспаймын. Бұған дейін де талай белесті бағындырғанмын, енді аянып қалмаспын», – деді америкалық боксшы.
Айта кетейік, бұған дейін Джейкобс 18 наурызда қазақстандық былғары қолғап шеберінің бүкіл белбеуін тартып алып, әлемді таң қалдыратынын айтқан.
Ал Головкин мен оның жаттықтырушысы америкалықтың күшіне шек келтірмейтінін мәлімдеген. Дегенмен, Абель Санчес Джейкобстың жеті раундтан ұзаққа шыдай алатынына күмәнмен қарайтынын да жасырмады.
• 20 Желтоқсан, 2016
Джейкобс: Головкиннің бойында «қырық үш күндік» кемдігі бар

Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15
Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29