Биылғы 29 шілде күні газетімізде Қарағанды облысындағы меншікті тілшіміз Қайрат Әбілдиновтің ұлттық күресіміздің қазіргі жай-күйі мен келешегі туралы «Қазақ күресі: өзгерте бергеннен не ұтамыз?» деген мақаласы жарық көрген еді. Осыған орай редакцияға мақалаға үн қосқан хаттар келе бастады. Бүгін солардың біріне орын беріп отырмыз.
Соңғы кезде еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанда» қазақ күресінің жай-күйіне байланысты көптеген материалдар жарық көрді. Мұнда спорт мамандары мен қазақ күресінің жанашырлары аталған мәселеге байланысты өздерін толғандырып жүрген жайттарды ортаға тастады. Осыған орай мен де екі-үш ауыз пікірімді айта кеткенді жөн көріп отырмын. Айтайын дегенім, кейінгі кезде Орал өңірінде де қазақ күресінің дамуына жаңа серпін берілді. Спорттың осы түріне деген оң көзқарас қалыптаса бастады. Соның нәтижесінде облыста ұлттық күрестің өркен жаюына қажетті барлық жағдайлар туғызылды десем артық кетпейтін шығармын.
Бұл үшін бірінші кезекте қойылып отырған талаптарға сай жаттығатын орындар белгіленді. Сонымен бірге, қажетті спорттық құрал-жабдықтар толық жасақталды. Бүгінгі күні қайта жаңғырып келе жатқан ұлттық спорт түрлерінің ішінде осы қазақ күресіне деген халықтың назары ерекше болып отыр. Мұның өзі спорттың осы түрі бойынша әр түрлі деңгейдегі сайыстар мен жарыстарды көбірек ұйымдастыру қажеттігін көрсетеді. Мысалы, біз қыркүйек айының аяғында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Жайықтың арыстары – қазақтың барыстары» атты республикалық турнир өткіздік. Аталған бәсеке батысқазақстандық қазақ күресінің өкілдерімен бірге оған жанашырлық білдіріп жүрген жанкүйерлердің мерейін де бір көтеріп тастады.
Жалпы, қазақ күресінің кең өріс алып, серпінді түрде дамуына «Қазақстан барысы» жобасы игі ықпалын тигізіп келе жатқанын айта кеткен ләзім. Бұл үдерісті біздің өңірден де байқауға болады. Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде төл спортымызға деген қызығушылық күн санап артып келеді. Алыстағы аудандар мен шалғайдағы ауылдарда балалар мен жастардың қазақ күресі үйірмелеріне көптеп келіп жатқаны да осы пікіріміздің бір дәлелі. Бұл жерде, әрине, бапкер-мамандардың жетіспеушілігі де байқалып қалады. Дегенмен, болашақта бұл тығырықтан жол тауып шығу жолдарын іздестіру– басты назарда болмақ.
Иват ЕРІШЕВ,
Батыс Қазақстан облысының қазақ күресінен аға жаттықтырушысы
ОРАЛ

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53