Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы студенттер театры ақын, драматург Ақылбек Шаяхметтің ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин туралы «Ыбырайдың өсиеті» атты пьесасын сахналады. Студенттердің қай-қайсысы да өзіне жүктелген рөлді сезімталдықпен ойнап шықты.
Ыбырайға қазақ даласында мектеп ашу ғана емес, сауатсыз еліне білімнің маңызын түсіндіру, екінші жағынан миссионерлердің арам пиғылымен арпалыса жүріп, оны өз халқының мүддесіне пайдалану да оңай тиген жоқ.
– Сахнада Алтынсарин тұлғасын сомдау маған жеңіл болған жоқ. Себебі Ыбырай Алтынсаринді ең бірінші ойнауға ниеттенгенде ислам дінін нақты ұстанған адам өзінің дініне берік екендігін білетінмін. Құраннан күш-қуат алатындығын сездім. Мен де осы рөлді сомдау барысында өзімді сол бетке бұрып, Құран қадірін жіті түсінуге тырыстым. Аса терең қайраткердің кейпін сомдау үшін оның рухани деңгейін түсіну керектігін ұқтым, – дейді Ыбырай бабамыздың рөлін сомдаған жаратылыстану-математика факультетінің кәсіптік оқыту мамандығының 3-курс студенті Думан Сайын.
Ақылбек Шаяхмет ұстаздың серігі ақын Нұржан Наушабайұлының Ыбырайға деген кіршіксіз адал достығын бейнелеген. Оның Ыбырайға мектеп ашу барысында қаржылық жағынан да демеушілер табуға мол септігі тигендігін аңғаруға болады. Осы баға жетпес сыйластықты сахнада көрерменге жеткізе білген жас әртістердің жетекшісі Ақбидаш Әбдіркенованың еңбегі зор.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40
Анталия форумы: Президент панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды
Президент • Бүгін, 13:38
Елімізде туристік нысандарға жету уақыты қысқарады
Туризм • Бүгін, 13:23
Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • Бүгін, 13:10
Екібастұзда цифрлық хаб құрылады: Жер учаскелері анықталып, келісімдер жасалды
Үкімет • Бүгін, 13:05
Жұмыссыздарға көмек: Еңбек министрлігі осал топтарға қолдауды күшейтеді
Еңбек • Бүгін, 12:53